4 қаңтарда "Ставрополка орта мектебі" КММ-де ата-аналар қауымымен қоғамдық тыңдаулар өтті. Күн тәртібінде мектептің 1 жартыжылдықтағы жұмысы, 1 жартыжылдықтағы және 2 тоқсандағы білім сапасы, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің "бірыңғай тәрбие бағдарламасын" іске асыру, оқушылар мен ата-аналарға психологиялық көмек көрсету, қысқы кезеңде жарақаттанудың алдын алу мәселелері талқыланды.