Балалар қауіпсіздігі — басты назарда
Профилактикалық жұмыс және «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында Ставрополка орта мектебінде көктемгі қар еру кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ата-аналарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ата-аналарға су тасқынының алдын алу және қар еру кезеңіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша жадынамаларды таныстырды. Ұсынылған материалдарда су айдындарының маңындағы қауіпсіздік ережелері, су басу қаупі кезіндегі сақтық шаралары және көктемгі кезеңде жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар балалардың көшедегі, ғимараттардың шатыр маңындағы қауіпсіздігіне және жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Осындай профилактикалық жұмыстар қауіптердің алдын алуға, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Ата-аналар ұсынылған ақпаратпен танысып, оны назарға алды. Мектеп әкімшілігі барлық ата-аналарды қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлуге және балалармен түсіндіру әңгімелерін үнемі жүргізуге шақырады.
Facebook желісіндегі жарияланымға сілтеме / Ссылка на публикацию в Facebook:
https://www.facebook.com/KGUStavropolkaSH/posts/pfbid02bHNAnRpT81BP7tX4paDoBCctDu5QaVCBrRf5rgUtgnS1ZNF6PhTKvqQfwm5VixcKl
#Адал_азамат
#Профилактические_мероприятия
#ТазаҚазақстан
